Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 43/06 Қаулысы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» № 39 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
2016 жылғы 20 маусымдағы
№ 43/06 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістер
1. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 30/06 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 болып тіркелген, 2015 жылдың 4 тамызында № 107 (21858) «Индустриальная Караганда» және № 122 (22 007) «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: